"Бопай" PFL лигасында нокаутпен жеңілді

©PFL

Қазақстандық ММА шебері Зәмзәгүл Файзолланова (7-3) Америкадағы Professional Fighters League (PFL) лигасында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Өкінішке қарай қазақ қызы лигада екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. 30 жастағы "Бопай" 31 жастағы чехиялық Мартина Йиндровамен (5-2) кездескен. Атлантадағы (Джорджия, АҚШ) айқас үш раундқа жоспарлағанымен, жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Еске салайық, жүлде қоры бір миллион доллар болатын PFL лигасының бірінші кездесуінде Файзолланова бразилиялық Ларисса Пачекоға (16-4) нокаутпен жеңілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport