Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-2) чехиялық Мартина Йиндровамен айқасы алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Файзолланованың салмағы 70,31 келі болса, Йиндрова 70,22 келі болды. Атлантадағы (Джорджия, АҚШ) Professional Fighters League (PFL) турнирі 2 шілде күні өтеді.
Еске салайық, Мартина өз салмағында үздік үш спортшының қатарына кіреді. Ол жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирде бразилиялық Ванесса Мелоны төрешілер шешімімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Ал "Бопай" болса Бразилияның өкілі Ларисса Пачекомен айқасып, екінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.