Единоборства
1 шілде 2022 01:09
 

"Бопай" АҚШ-ғы жекпе-жегіне салмақ лимитін орындады

  Пікірлер

blog.share

"Бопай" АҚШ-ғы жекпе-жегіне салмақ лимитін орындады ©Fight Nights

Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-2) чехиялық Мартина Йиндровамен айқасы алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-2) чехиялық Мартина Йиндровамен айқасы алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Файзолланованың салмағы 70,31 келі болса, Йиндрова 70,22 келі болды. Атлантадағы (Джорджия, АҚШ) Professional Fighters League (PFL) турнирі 2 шілде күні өтеді.

Еске салайық, Мартина өз салмағында үздік үш спортшының қатарына кіреді. Ол жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирде бразилиялық Ванесса Мелоны төрешілер шешімімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Ал "Бопай" болса Бразилияның өкілі Ларисса Пачекомен айқасып, екінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!