Балуан Шолақ спорт кешенінде "Alash Pride" клубының ұйымдастыруымен "Алаш Айбары" атты халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Аталмыш жарыстың барысында 93 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің екі дүркін жеңімпазы Алексей "Ұрыпжық" Кисер ("Mara Team", 3-2-0) мен аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің үш дүркін чемпионы Асылжан "Сақ" Бахытжанұлы ("Аlash Pride", 2-0-1) жұдырықтасқан болатын. "Сақ" қарсыласын 2 раунд бойы соққының астына алып, әбден сабады. Екінші раундта қабағы жарылған Алексей Кисер жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.
- Өзімнің ойлағаным бойына бірінші раундта қарсыласымды қарап, зерттедім. Арақашықтықты бақылап, қарсыласымның күшін қараумен болдым. -- физикалық тұрғыдан өте мықты. Бұл жекпе-жек жоғары салмақта өтті. Аталмыш салмақта негізгі басымдық қара күшке беріледі. Қарсыласымдық зерттеп болғаннан соң шабуылға шықтым. Ол маған ауыр соққы дарыта алмады.
- Сені жоғарғы деңгейлі жекпе-жектерден қашан көреміз?
- Құдайдың бұйырғаны болар. Қазіргі таңда тыңғылықты жаттығып жүрмін. Бәрі бірден бола салмайды. Болашақта көре жатарсыздар. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.
- Жекпе-жекке қандай тактикамен шықтыңыз?
- Алғашқы раундта қарсыласымды бақылап, зерттеу болды. Артынша шабуылға шығуды тапсырды бапкерім.
- UFC-де бағыңызды сынағыңыз келеді ме?
- Әрине, барлығы болашақтың еншісінде.

Жарнама