"Болашақ чемпион". Журналист Рахмоновқа қатысты ойын айтты

28 маусым 2022 21:06
©championat

MMA Sport порталының журналисі Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Шавкат Рахмонов (16-0) пен Нил Мэгни (26-9) арасындағы айқастан кейін Рахмоновтың болашағы зор екенін айтты.

"Рахмонов кезекті рет мықты екенін дәлелдеді. Қазақстандық проспекттен соңғы айқасында қарсыласымен тең жекпе-жек болады деп күтілген. Шынтуайтына келгенде Шавкат қауіпті спортшы екенін дәлелдеді. Ол барлық жағынан басым болды. Рахмонов әмбебап спортшы. Болашақ чемпион. Менің ойымша келесі жылдан бастап Шавкатты титулды айқасқа шығаруға болады", - дейді Смит.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов Лас-Вегас (Невада, АҚШ) төріндегі UFC Vegas 57 турнирінде америкалық Нил Мэгниді екінші раундтың соңғы секундтарында қылқындыру әдісімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport