Бокстан әлемнің абсолют чемпионы рейтингтік жекпе-жекте жеңіліп қалды

28 қазан 2021 13:31
©Nachedeu

Кәсіпқойда екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы және Олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы Кларесса Шилдс мексикалық Абигейл Монтестен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Голливудтағы Hard Rock Hoteland Casino аренасында аралас жекпе-жектен PFL 10 турнирінде өтті. Бұл кездесу жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтік айқас еді.

Бұл жекпе-жек жеңімпазы миллион доллар сыйақы алатын болған, осылайша, бұл қомақты сомма мексикалыққа бұйырды. Монтес үш раунд қорытындысы бойынша 28-29, 29-28, 29-28 есебімен басым түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport