Единоборства
Бүгін 13:43
 

"Битамен ұрғандай". Дана Уайт қарсыласын бір соққымен сұлатқан қырғызды мақтады

  Пікірлер

blog.share

"Битамен ұрғандай". Дана Уайт қарсыласын бір соққымен сұлатқан қырғызды мақтады ©caravan-info.kg

UFC президенті Дана Уайт Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Dana White's Contender Series турнирінде бразилиялық Эднилсон Сантосты нокаутқа түсірген қырғызстандық Акбар Абдуллаевқа тамсанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC президенті Дана Уайт Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Dana White's Contender Series турнирінде бразилиялық Эднилсон Сантосты нокаутқа түсірген қырғызстандық Акбар Абдуллаевқа тамсанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше Абдуллаев бразилиялық қарсыласын небәрі 19 секундта нокаутқа түсіріп, карьерасындағы сегізінші жеңілісіне ұшыратты. 

"Бұл соққы бейсбол таяғымен ұрғандай естілді. Тәуекелге барып, сені осы шоуда соңғы 10 жылда өнер көрсеткен үздік талант деп айтайын. Меніңше, сен үлкен жұлдызға айналып, осы спорттағы өте қауіпті қарсылас боласың. Келесі жекпе-жегіңді асыға күтемін. UFC-ге қош келдің!", - деді Уайт баспасөз мәслихатында.


28 жастағы Абдуллаев кәсіпқой ММА-дегі карьерасын 2020 жылы бастады. Қырғызстандық спортшы 14 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, әлі жеңіліп көрмеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!