Бет қаратпай ұрды. Қазақстандық чемпион өзбек қарсыласын нокаутқа түсірді

22 қазан 2022 09:51
©Видеодан кадр

Қазақстандық MMA файтері Керим Даидов (6-0) орта салмақта Octagon белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркияның Измит қаласында өткен Octagon 36 турнирінің басты айқасында Даидов өзбекстандық Абдуходир Абдуворисовпен (4-1) жұдырықтасты. 

Бес раундқа есептелген жекпе-жек техникалық нокаутпен үшіншісінде аяқталды.

Осылайша, Даидов орта салмақта Octagon чемпионы атанды, ал Абдуворисов карьерасында бірінші рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport