Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Артем Резников Мәскеуде өткен АСА гран-приінің ширек финалында ресейлік Али Баговтан жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек АСА 168 тунирінің басты айқасы болды. Төртінші раундта төрешіге Баговтың Резниковты сабауын тоқтатудан басқа амалы қалмады.
Осылайша, Резников карьерасында сегізінші рет жеңілді, сонымен қоса, ол 31 рет жеңіске жеткен. Багов болса 33-ші жеңісін атап өтті, ал карьерасында 11 мәрте жеңілген болатын.
Енді Гран-при жартылай финалында Багов бразилиялық Хердесон Батистамен айқасады.