"Бес рет құлаттым". Жұмағұлов АҚШ-та неге онымен спарринг өткізгісі келмейтінін айтты
American Top Team залында ешкім UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен (14-6) спарринг өткізгісі келмейді. Бұл туралы спортшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
American Top Team залында ешкім UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен (14-6) спарринг өткізгісі келмейді. Бұл туралы спортшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
"Шынын айтқанда спарринг серіктермен қиындық бар, менімен ешкім ұзақ тұрмайды, үнемі ауысып отырады. Бәрі мені адам ретінде жақсы, ал спарринг серік ретінде олай емес екенімді айтады. Күш салып жіберетінім бар. Олар өздері бар күшін сала бастайды, аяп қарап тұрмайсың ғой.
Бір жігіт менімен спарринг өткізе бастады. Мен енді келіп, бейімделіп жатқанмын, бірінші спарринг еді. Бір спаррингте бес рет құлаттым. Содан кейін маған жоламайтын болады", - дейді 33 жастағы спортшы.
Жарнама