Бес жылға сотталуы мүмкін. Хабибтің інісінің тұтқандалуына қатысты мән-жай белгілі

12 қараша 2021 14:33
©usman_nurmagomedov / Instagram.com

Bellator файтері Усман Нурмагомедов бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Baza телеграм арнасы.

Хабиб Нурмагомедовтің інісі қағып кеткен полицей ауырлығы орта деңгейдегі жарақаттармен ауруханада жатыр. Оған басында тері асты ісігі мен қан ұйып қалған деген диагноз қойылды. 

Осыған байланысты Усманға қатысты заң өкіліне қарата денсаулығы мен өміріне қауіп келмейтін күш қолданды деген баппен іс қозғалды. Бұл бес жылға бас бостандығынан айыру түрімен жазаланады. Алайда 200 мың рубль айыппұлмен құтылуға да болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport