Белгілі рэпер UFC чемпионының жеңісіне бір миллион доллар тікті

©cageside

Белгілі канадалық рэпер Дрейк орта салмақта UFC чемпионы Исраэль Адесаньяның жеңісіне бір миллион доллар бәс тікті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жаңазеландиялық спортшы елорда уақытымен жексенбі күні Джаред Каноньеге қарсы UFC 276 турнирінің басты кардында шығады.

"Бауырым, сенің жеңісіңе бір миллион тіктім. Бұл оңай олжа болмақ. Жеңіл ақша", - деп айтты Дрейк чемпионмен видео байланыс арқылы сөйлескенінде.

Еске салайық, рэпер осыған дейін де спортшыларға бәс тіккен. Мәселен ол "Ферарри" пилоты Шарл Леклердің жеңісене бәс тіккен еді. Алайда Испания Гран-приінде "Ред Булл" командасының өкілі Макс Ферстаппен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport