Белгілі промоушеннің экс чемпионын жеңген қазақ топ-3 тізімге кірді

27 қыркүйек 2022 09:35
©Naiza FC

Қазақстандық Асу Алмабаев (16-2) Brave FC промоушенінің өте жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингінде топ-3 тізімге кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында қазақ файтер Bellator ұйымының бұрынғы чемпионы Зак Маковскиді (21-11) жеңген болатын.

Жаңа тізімде Алмабаевтан тек екі ресейлік - Али Багаутинов (22-7) пен Велимурад Алхасов (8-1-1) жоғары тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport