Белгілі ММА шебері UFC-ден қуылды

30 қараша 2022 13:45
©UFC

Белгілі ММА шебері Нейт Диас бұдан былай UFC промоушенінде өнер көрсетпейді. Бұл туралы "Матч ТВ" телеарнасы хабарлады.

Негізі Диастың америкалық промоушенмен келісімшарты аяқталған. Спортшы осыған дейін аталмыш ұйымнан кететінін мәлімдеген еді.

Ол соңғы рет октагонға биылғы жылдың қыркүйегінде шығып, өзінің отандасы Тони Фергюсонды ауырту әдісімен жеңді.

Нейт спорттық карьерасында жеңіл және жартылай жеңіл салмақта сынға түсіп келді. UFC-ге дейін ол World Extreme Cagefighting (WEC) лигасында бағын сынағанын айта кеткен жөн.

37 жастағы спортшы 24 рет жеңіске жетіп, 13 мәрте қарсыластарына есе жіберген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport