Белгілі қазақ файтері танымал лигамен келісімшарт жасады

19 тамыз 2022 20:21
©ticketon

Белгілі қазақстандық файтер Фаниль "Ноғай" Рафиков (20-6) жаңа лигада өнер көрсетеді. 28 жастағы ММА шебері Hardcore FC MMA (HFC MMA) ұйымымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

DAR Pro Team командасының өкілі соңғы жылдары NAIZA лигасында жекпе-жектер өткізіп, жеңіл салмақта чемпион атанып үлгерді. Соңғы рет маусым айында Фарход Машраповпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан еді.

Ресейлік Hardcore ұйымы жалаң қолмен төбелесетін кәсіпқой лига ретінде кеңінен танымал. Алайда соңғы уақытта аталмыш промоушен ММА және бокс кештерін өткізіп тұрады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport