Белгілі бапкер Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев арасындағы айырмашылықты атады

19 қазан 2022 05:49
©Instagram.com/khabib_nurmagomedov

Аралас жекпе-жек әлемінде танымал бапкерлердің бірі Хавьер Мендес жеңіл салмақта әлемнің экс чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев арасындағы айырмашылықты айтты. Бұл туралы Мендес ММА Hour YouYube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Ислам ешқашан Хабиб секілді болғысы келмеді. Ол Хабибтің көшірмесі болғысы келмеді. Ислам ол Ислам. Оның жолы бөлек. Әрине, Хабиб секілді мықты болғысы келгені рас. Бірақ Исламның хоббиі де, жолы да бөлек", - деді Мендес.

Еске салайық, 22 қазан күні Махачев жеңіл салмақта бразилиялық Чарльз Оливейрамен октагонда жолығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport