MMA
7 тамыз 2022 11:10

Белгілі америкалық спортшы ислам дініне өтті

©ESPN

UFC ұйымының бұрынғы файтері Кевин Ли ислам дінін қабылдады. Бұл туралы аралас жекпе-жектің ресейлік шебері Умар Кунакбиев әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады "Чемпионат"

Америкалық спортшы қазіргі таңда Хабиб Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC лигасында өнер көрсететінін айта кетейік. 

"Жұма намазында Кевин Лиді көргенде таңқалып әрі қуанып қалдым. Оның исламға өткеніне үш ай болыпты", - деп жазады Кунакбиев. 

Еске салайық, Ли кейінгі рет Eagle FC 46 турнирінде отандасы Диего Санчеспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport