MMA
12 мамыр 2025 08:58

Бекзат Алмахан UFC 315 турниріндегі жеңістен кейін мәлімдеме жасады

©IG/UFC

UFC-де өнер көрсететін жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (12-2) Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде жарқын жеңіске жеткеннен кейін эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол жергілікті спортшы Брэд Катонаны (14-5) нокауттау үшін небәрі 64 секунд қана жұмсады.

"Иә, мен бұл комбинацияны ұзақ уақыт бойы дайындадым. Барлығы сәтті шықты және осы үшін Жаратқанға шексіз ризамын! Жекпе-жекке мүмкіндігінше тезірек оралғым келеді. Мен мұнда жай келгем жоқ, мен чемпион болу үшін келдім! Құдай қаласа, UFC чемпионы боламын! Маған қолдау білдіріп жатқан Қазақ елі, сіздерге үлкен рахмет!", — деді Бекзат жекпе-жектен кейін Даниэль Кормьеге берген сұхбатында.

Еске салайық, 27 жастағы Бекзат әлемнің үздік лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, 2024 жылдың наурыз айында дебюттік кездесуде Умар Нурмагомедовтен болған жеңілісті жапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport