"Бекем бол". Тони Фергюсон көңіл айтып Хабибке қолдау білдірді

Сурет: Allboxing
Амеркиалық аралас жекпе-жек шебері Тони Фергюсон Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болуына байланысты жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке көңіл білдірді. 

"Саған және отбасыңа шын ниетіммен көңіл білдіремін, Хабиб. Бекем бол, досым. Әкең Абдулманап Нурмагомедовке құрметімді білдіремін. Екеуміз сайысқа түскенде ол алдыңғы қатарда болады", - деп азыпты Фергюсон Twitter желісінде.