Аралас жекпе-жектегі қазақстандық NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Ақтөбеде өтетін NAIZA 48 турнирі алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Карьерасын аяқтамауды сұрау? Жалғасты бірдеңеден бас тартқызу қиын. Кеше айқасты көрдім Менің ойым - ол жеңді. Бірақ біз төреші емеспіз.
Жалғас туралы не айта аламын. 2018-19 жылдары ол Fight Nights Global чемпионы атанды. Артур Багаутинов, Тагир Уланбеков, Тайсон Нэм және басқа да жігіттерден басым түсті. ол уақытта бұл лига әлемдегі ең мықты бестікте болатын. Қазақстан үшін ол тарихи оқиға болды. Шынын айтсам, Жалғас сол кезде карьерасын аяқтағанын қаладым, өйткені ол UFC-ге отыздан асқанда барды.
Жалғас - көшенің баласы, "Еркін күш" мектебінде қолда барымен жаттықты. Осындай жетістікке тек мінезінің арқасында жетті. Оның айтарлықтай бір базасы болған жоқ. Ол алға ғана жүріп, өзінікін жасайтын. Ол біз үшін аңыз деп сенімді айта аламын. Оның карьерасын аяқтағаны - менің жаныма тыныштық береді. Шынымен ол жігіт бәрін жасап қойды. Енді жалғастырудың не керегі бар? Мұндай әділетсіз шешімдер болып жатса. Ол UFC-сіз де әлемге әйгілі".