MMA
12 сәуір 2023 09:57
 

"Базарда грузщик болып, тренировкаға барамын". Шавкат Рахмонов көрген қиындықтары жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Базарда грузщик болып, тренировкаға барамын". Шавкат Рахмонов көрген қиындықтары жайлы ©FightTime

Шавкат Рахмонов журналист Ләйла Сұлтанқызына берген сұхбатында Өзбекстаннан Қазақстанға алғаш көшіп келген кезде отбасымен бірге көрген қиындықтарын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Шавкат Рахмонов журналист Ләйла Сұлтанқызына берген сұхбатында Өзбекстаннан Қазақстанға алғаш көшіп келген кезде отбасымен бірге көрген қиындықтарын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шынын айтқанда, өзімнің отбасымды көп көрсеткім келмейді. Олар көрінбей-ақ қойсын. Өз отбасымнан ұялмаймын, қайдан шыққанымды айта беремін. Біз ата-анамызды таңдай алмаймыз ғой. (...) Ерке болдым, ешкім мені ұрмайтын еді. Тек анам кейде қатты бұзықтық жасасам ұратын. Ұратын себебі де - жұмыстан шаршап келетін. Күні бойы жұмыс істейтін. Негізі менің анам бізге әке де, ана да болды. Қатал емес. Әкеміз жұмыс істеген жоқ. Білмеймін енді, оны әкемнің өзінен сұрау керек. Анамның өзі бізді асырады, тамақ та берді. Әрине, анамның анасы мен әкесінің бізге көмегі көп тиді. Осы кісілер болмағанда мен қандай күйде өсетінімді білмеймін. Сондықтан сол жаққа қатты жүрегім тартып тұрады, шынын айтсам. Өте қатты құрметтеймін", - деді ол.

Шавкат Рахмонов отбасымен Өзбекстаннан Қарағандыға көшіп келгенде "мүлдем басқа әлемге түскендей болдық" деп еске алды. Өйткені орысша да, қазақша да білмеген. Ал Өзбекстанда өзі тұрған жерде тек өзбек мектептері болған. Сол себепті Қарағандыда тұрмыс оңай болмаған. Оның айтуынша, көшеде біреуден бірдеңе сұраудың өзі қиын болған.

"Анам көп қиындық көрді. Онымен бірге біз де қиындықты көп көрдік. Осындай деңгейге жеткенім еңбектің арқасында келді. Шындықты айтайын, Қарағандыда тұрған жеріміз кіп-кішкентай болды. 1 бөлмелі пәтердің асүйінде тұрдық. 4 бала, анам, барлығы бес адам тұрдық. Тығылысып тұрушы едік. Өте қиын болды. Енді адамдар жақсы жағын көріп жатыр ғой, қиналғанымызды тек өзіміз білеміз ғой", - деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бүгінде UFC жүйесінде жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінде 6-орында тұр. Ол аралас жекпе-жекте 17 рет кездесу өткізіп, соның бірде-бірінде жеңіліп көрмеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!