"Байқа, бұл қауіпті...". Дағыстандық "Жыртқыш" өзін жекпе-жекке шақырған қазақстандыққа сес көрсетті

21 қыркүйек 2020 11:43
Сурет: championat.com

Ресейлік ММА файтері Магомед Исмаилов өзін жекпе-жекке шақырған қазақстандық спортшы Артем Резниковке жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен ACA 111 турниріндегі жеңісінен кейін Резников шаршы алаңда тұрып: "Магомед Исмаилов 77 келіге түс, мен 77-ге көтерілемін. Нағыз тақырбас жыртқыш кім екенін анықтаймыз!",- деген еді.

Исмаилов бұған видеожауабын берді: "Тақырбас жыртқыш сияқты қозғалуға дайын болғаның ғой, егер шаршы алаңда тұрып осылай десең. Тақырбас жыртқыш 100 және 127 келі тартатындармен шыға береді, керек болса. Солай қиымлдауға дайынсың ба? Дайын болсаң шаршы алаңда күтемін. Байқа, Резников бұл қауіпті аумақ". 



"Әкем мен қазақ халқына арнаймын". Шешенстандық "Бөріні" жеңген қазақстандық спортшы

Айта кетейік, Магомед Исмаилов "Тақырбасты жыртқыш" лақап атымен де танымал.