"Бауырым...". Қазақ файтер UFC-де нокаутпен жеңілген Жұмағұловқа не істеу керегін айтты

5 желтоқсан 2021 10:58
©One FC

Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов UFC-де нокаутпен жеңілген Жалғас Жұмағұловқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұмағұлов промоушенде төртінші айқасын өткізіп, бірінші раундта анголалық Манел Капеден жеңілді. 

"Бірі-бірімізді жеңісте ғана емес, жеңілісте де қолдайық. Жако бауырым, сен мықтырақ болып ораласың, салың суға кетпесін, жеңістер алда", - деп жазыпты ол Instagram желісінде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport