"Батыр бабаларымыздың ерлігі туралы ойлаймын". Қазақ файтер UFC үздіктерімен жұдырықтаспақ

6 қыркүйек 2019 10:41
© Reuters©
Ресейде туған қазақ файтері Дамир Ысмағұлов Vesti.kz ілшісіне берген сұхбатында әлемнің басты промоушеніндегі үшінші жеңісі мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

- Жеңіспен құттықтаймын. Жекпе-жек аяқтан тік тұрып өткендей болды, белдесуді аз байқадық. Бастапқыда осы тактиканы таңдадыңыз ба?

- Бапкерлер штабымен аяқта тіктұрып жұдырықтассам, аздаған басымдығым болады, ал партерде бразилиялық өзін жайлы сезінеді деп пайымдадық. Сондықтан осы тактиканы таңдадық, алайда, белдесу керек болса, онымен де қиындық жоқ. 

- Қарсыластан қауіптендіңіз бе? Әлде одан мықты екеніңізге сенімді болдыңыз ба?

Қарсылас соңғы раундтың соңғы секундына дейін қауіпті болды. Бірақ жекпе-жектің әр минуты сайын өзімді сенімді ұстап, ашыла бастадым. Ол керісінше қысыла берді. 

- Биылдыққа екі жекпе-жек өткіздіңіз. Бұл сіз үшін қалыпты ма, әлде көбірек жұдырықтасқыңыз келе ме?

- Жұдырықтасқанды ұнатам, әрдайым жаңа тәжірибе жинайсың. Жалпы он айда UFC-де үш жекпе-жек өткіздім, бұл жақсы көрсеткіш. Жылына үш төрт жекпе-жек - біз үшін қалыпты көрсеткіш. 



- Жекпе-жек шебері үшін не маңызды: әмбебап болу ма, әлде мықты бір ғана әдіспен жүру ме?

- Бір нәрседе маман болу жақсы, бірақ, өзіне ыңғайлы тактикада иіріп әкететін адам табылады. Егер әмбебап болсаң, қарсыласыңа жекпе-жек үстінде икемделе аласың. 

- UFC-ге ауысу қалай өтті? Бейімделдіңіз бе?

- Әр жекпе-жек сайын сенімді болып келемін.  Өзіңді толық көрсететін үлкен жекпе-жектер уақыты келді!

- Жекпе-жекке іштей дайындалуға не көмектеседі? Музыка, медитация немесе басқа?

- Мен әрдайым өз жерін қорғап өткен бабаларымыз туралы ойлаймын. Олардың батырлықтары туралы ойлар маған рухани дайындалуға көмектеседі.

- Алдағы жоспарлар қандай? Келісі жекпе-жек қашан және кіммен жұдырықтасқанды қалайсыз?

- Жыл соңына дейін ТОП қарсыласпен кездесу өткізгім келеді.

- Сіз үшін не ауыр - үздіксіз жаттығулар немесе жекпе-жекті күту ме?

- Белгіленген күн болса, жаттығу оңай, өйткені мақсат болады. 



- Әлеуметтік желіде айтарлықтай белсендісіз. Жанкүйерлердің жазғанын оқып, оларға жауап бересіз бе?

- Әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлердің мықты қолдауын әрдайым сезінемін. Мұны бағалаймын және маған сенгендердің үмітін алдамауға тырысамын.

- Сіз үшін ең жақсы демалыс?

- Жақындарымның қасында болу және достарыммен футбол ойнау.

Еске салайық, 31 тамызда Ысмағұлов Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде бразилиялық Тьяго Мойзесті жеңді.