- Жеңіспен құттықтаймын. Жекпе-жек аяқтан тік тұрып өткендей болды, белдесуді аз байқадық. Бастапқыда осы тактиканы таңдадыңыз ба?
- Бапкерлер штабымен аяқта тіктұрып жұдырықтассам, аздаған басымдығым болады, ал партерде бразилиялық өзін жайлы сезінеді деп пайымдадық. Сондықтан осы тактиканы таңдадық, алайда, белдесу керек болса, онымен де қиындық жоқ.
- Қарсыластан қауіптендіңіз бе? Әлде одан мықты екеніңізге сенімді болдыңыз ба?
Қарсылас соңғы раундтың соңғы секундына дейін қауіпті болды. Бірақ жекпе-жектің әр минуты сайын өзімді сенімді ұстап, ашыла бастадым. Ол керісінше қысыла берді.
- Биылдыққа екі жекпе-жек өткіздіңіз. Бұл сіз үшін қалыпты ма, әлде көбірек жұдырықтасқыңыз келе ме?
- Жұдырықтасқанды ұнатам, әрдайым жаңа тәжірибе жинайсың. Жалпы он айда UFC-де үш жекпе-жек өткіздім, бұл жақсы көрсеткіш. Жылына үш төрт жекпе-жек - біз үшін қалыпты көрсеткіш.
- Жекпе-жек шебері үшін не маңызды: әмбебап болу ма, әлде мықты бір ғана әдіспен жүру ме?
- Бір нәрседе маман болу жақсы, бірақ, өзіне ыңғайлы тактикада иіріп әкететін адам табылады. Егер әмбебап болсаң, қарсыласыңа жекпе-жек үстінде икемделе аласың.
- UFC-ге ауысу қалай өтті? Бейімделдіңіз бе?
- Әр жекпе-жек сайын сенімді болып келемін. Өзіңді толық көрсететін үлкен жекпе-жектер уақыты келді!
- Жекпе-жекке іштей дайындалуға не көмектеседі? Музыка, медитация немесе басқа?
- Мен әрдайым өз жерін қорғап өткен бабаларымыз туралы ойлаймын. Олардың батырлықтары туралы ойлар маған рухани дайындалуға көмектеседі.
- Алдағы жоспарлар қандай? Келісі жекпе-жек қашан және кіммен жұдырықтасқанды қалайсыз?
- Жыл соңына дейін ТОП қарсыласпен кездесу өткізгім келеді.
- Сіз үшін не ауыр - үздіксіз жаттығулар немесе жекпе-жекті күту ме?
- Белгіленген күн болса, жаттығу оңай, өйткені мақсат болады.
- Әлеуметтік желіде айтарлықтай белсендісіз. Жанкүйерлердің жазғанын оқып, оларға жауап бересіз бе?
- Әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлердің мықты қолдауын әрдайым сезінемін. Мұны бағалаймын және маған сенгендердің үмітін алдамауға тырысамын.
- Сіз үшін ең жақсы демалыс?
- Жақындарымның қасында болу және достарыммен футбол ойнау.
Еске салайық, 31 тамызда Ысмағұлов Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде бразилиялық Тьяго Мойзесті жеңді.