Фергюсон Джексонвиллде өткен турнирде отандасы Гэтжиден бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Кездесуден кейін Тони ауруханаға жеткізілген.
2012 жылдан бері алғаш рет жеңілген Фергюсон Instagram-парақшасында бұл "оның түні болмағанын" айтты.
""Бусидо кодексі. Спорт оралды. Жауынгер жолы. Жеңіс немесе жеңіліс - өзіңді әрдайым чемпиондай ұстау. Ол жай ғана менің түнім болмады. Джастин Гэтжиді тамаша жекпе-жекпен құттықтаймын, - деді Фергюсон.
Нурмагомедов пен Фергюсон 18 сәуірде кездесуі керек болған. Бірақ бұл турнир коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған.