BJJ (бразилиялық джиу-джитсу) аңызы Леандро Лоны Сан-Паулудағы концерт кезінде атып кетті. Бұл туралы ММА журналисті Игорь Лазорин өзінің телеграм арнасында хабарлады.
Ло өзі отырған дастарханнан шөлмекті алған ер адаммен сөзге келіп қалған. Жанжалды ушықтырмай адамдар оларды арашалап алды, алайда, біраз уақыттан кейін ер адам қарумен оралып, Леандроның басынан атқан. Спортшы ауруханаға дейін жеткен, бірақ, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Ло 33 жаста болатын, ол джиу-джитсудан сегіз дүркін әлем чемпионы.