Басты жекпе-жегінде қазақ файтер титул үшін жұдырықтасатын Мәскеудегі турнирге тікелей трансляция

9 қыркүйек 2020 13:42
Сурет: Fightnews.info
Бүгін, 9 қыркүйек Мәскеуде бапкер Абдулманап Нурмагомедовті еске алуға арналған турнир өтеді. Бұл жекпе-жектер кешінде жеті бірдей қазақстандық файтер жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирді ресейлік FIGHT NIGHTS GLOBAL және GFC лигалары ұйымдастырып отыр. 

Шоудың басты айқасында GFC ұйымының уақытша чемпионы Дәурен Ермеков ресейлік Владимир Минеевпен кездесу өткізеді. Спортшылар FIGHT NIGHTS GLOBAL титулын сарапқа салады. 

Сонымен қатар, тағы бір қазақ файтер Мұратбек Қасымбай да, Мухаммед Эминовпен аталған ұйымның чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Ал кардта тағы бес қазақстандық файтер өнер көрсетеді: Гойти Дазаев, Сәбит Жүсіпов, Дархан Бәкенов, Азамат Марқабаев және Сұлтан Жолдошбек. Қазақстандық спортшылардың қарсыластары туралы мына жерден біле аласыз. 

Жарыс көрермендердің қатысуымен өтеді. Залдың 50 пайызына орналасуға рұқсат етілді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 21:00.

Турнирді "Хабар" арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында да қолжетімді. Трансляцияның басталуы 23:15. 
Метки: