MMA
10 мамыр 2020 10:23

Басталмай жатып аяқталды. UFC файтері жеңілмеген қарсыласын көзді ашып-жұмғанша нокаутқа түсірді

Сурет: "Спорт-Экспресс".
Аралас жекпе-жектен франко-камерундық файтері Фрэнсис Нганну UFC 249 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Нганну бірінші раундта-ақ суринамдық қарсыласы Жаирзиньо Розенструйкті сұлатты. Жекпе-жек басталмай жатып аяқталды деуге болады. 



Осылайша, он жеңісі бар Розенструйк карьерасында алғаш рет жеңілді. Ал Нганну осымен 15 рет жеңіске жетіп отыр және ол үш рет жеңілген боалтын.