"Бастаған істі аяқтайық". Қазақстандық спортшы "Қара жолбарысты" айқасқа шақырды
Жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов (10-2-0) АСА ұйымынан ресейлік Расул Мирзяевпен (18-3) өтпей қалған жекпе-жекті қайта ұйымдастырып беруді сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"АСА ұйымынан өтпей қалған айқасты ұйымдастырып беруін сұраймын, қарсыласымды құрметтеймін, бірақ, бастаған ісімізді 66 келіде аяқтайық? Сен бұл жекпе-жекке келісесің деп ойлаймын, өйткені ұшқын шашыла бастады", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.
Шәріпов - Мирзяев кездесуі 26 ақпан Мәскеудегі ACA 118 турниріне белгіленген еді. Алайда Нұрберген салмақ лимитінен 4,5 келі асып кетіп, жекпе-жек өтпей қалған болатын.
Жарнама