"Бәс тігуде". Рахмоновтың "Сенсациямен" айқасы немен бітетіні болжанды

24 маусым 2022 14:07
©Sportskeeda

Newsmma.net басылымы UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов пен "Гаитилік сенсация" лақап атты америкалық Нил Мэгни жекпе-жегі қарсаңында превью жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі сенімді үш жеңістен кейін орта салмақта үздік он бестікке кірді. Лас-Вегастағы кештің басты айқастарының бірінде ол тәжірибелі Нил Мэгнимен жұдырықтасады. Майкл Кьезадан жеңілгеннен кейін Нил қатарынан екі жеңіске жетті, ал соңғысында Макс Грифиннен басым түсті. Қазіргі таңда ол рейтингте оныншы, бұл Рахмонов үшін өте пайдалы. Өйткені жеңіске жеткен жағдайда Шавкат ең мықты он файтердің қатарына кіреді. Букмекерлер Рахмоновтың анық жеңісіне тігіп отыр", - деп жазады мәлімет көзі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport