Қазақстандық ММА жауынгері Жасұлан Әкімжан (12-3) UAE Warriors лигасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол Абу-Дабида өткен UAE Warriors 62 турнирінде бразилиялық Фелипе Дугласпен (25-6) айқасып, төрешілер шешімімен есе жіберді. Жекпе-жектен кейін Жасұлан сынған қолымен айқасқанын мәлімдеді.
"Өкінішке орай, жекпе-жектің алғашқы раундында қолымды сындырып алдым. Бұл жекпе-жектің басында, соққы салған сәтте орын алды. Сол сәттен бастап, мен жалғыз қолмен айқастым. Ауыр болды. Бірақ мен шегінуді, берілу дегенді білмеймін.
Бұл жеңіліс емес. Бұл - сынақ. Мен оны намыспен өттім. Жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін. Бірақ нағыз жауынгер - ауыр сәтте де соңына дейін күреседі.
Мен сынбадым. Ешқашан да сынбаймын. Бұл - тек бастамасы. Алда - емделу мен толық қалпына келу. Алла қаласа, бұдан да мықты болып ораламын.
Командама, бапкерлеріме, қазақ халқына мың алғыс. Октагонда сіздердің дауыстарыңызды, қолдауларыңызды, туларды көріп, жүрегіммен сездім", - деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.
Жарнама