"Бәрі есімізде". Хабиб Нурмагомедов бүкіл Кавказ атынан Қазақстанға көзқарасын айтты

26 желтоқсан 2019 09:12
© Fightnews.info
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстан туралы жылы лебізін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Файтер Алматыда өткен Gorilla Fighting Championship 23 турнирінде мәлімдеме жасады. 

"Қазақстанның Дағыстанда жалпы Кавказда орны бөлек. Бұл - біздің екінші отанымыз. Біреулерді осында көшірді, кейбірі көшті. Қазақтар бізді бауырындай қабылдап, қолдау білдірген. Бәрі есімізде, ұмытпаймыз да. Сол үшін үлкен алғыс", - деді Нурмагомедов.