Бапкері туралы сұрағанда белгілі файтер көз жасын тоқтата алмады

19 тамыз 2022 08:20
©MMA Fighting

UFC файтері Пауло Коста (13-2) ESPN арнасына берген сұхбатында боксшы Келсон Пинтумен (24-2) жаттығу оның өмірін түбегейлі өзгерткенін айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды "Спорт - Экспресс".

"Мен жақсы адамдарды таптым. Мен Келсон Пинтаға алғысымды білдіремін. Ол керемет адам. Ол туралы айтқанымда көңілім босап кетеді. Ол өмірімде көп нәрсені өзгертті... Ол боксшы болған, екі рет Мигель Коттомен жұдырықтасты. Біріншісінде жеңіп, екіншісінде есе жіберді. Ол өзгеше. Нағыз адам, жалған бейнесі жоқ. Құдайым-ау! Мұндай сұраққа дайын болмадым", - дейді Коста жылап тұрып. 

Айта кетейік, Коста 20 тамыздағы UFC 278 турнирінде Люк Рокхолдпен (16-5) жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: