Бапкер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі айқасы туралы айтты

11 қыркүйек 2023 10:34
©UFC

Шавкат Рахмоновтың бапкері Азиз Розиев қазақстандық файтердің UFC-дегі жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

Естеріңізге салайық, Рахмоновтың шаршы алаңға оралуы 17 қыркүйекке жоспарланған болатын, бірақ оның америкалық қарсыласы Келвин Гастелум жарақат алып, бұл кездесу өтпейтін болды.

"Шавкат жаттығып жатыр. Біз жекпе-жек күнін, қарсылас күтеміз. Шавкат қазіргі таңда топ-5, топ-6 тізімде, сондықтан қарсыласты табу қиынырақ. Бұл матчмейкерлердің жұмысы. Әзірге күтіп отырмыз, Шавкат кім болса да бәрібір, кез келгенімен шығуға дайын екенін айтты", - деп береді Разевтің сөзін "Baza MMA".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport