MMA
Бүгін 12:05

Бапкер Махачевқа қарсылас ретінде көргісі келетін қазақты атады

©instagram.com/islam_makhachev

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Ислам Махачевтің (29-1) бапкері Хавьер Мендес ресейлік файтердің келесі қарсыласы ретінде көргісі келетін үш спортшыны атады. Олардың қатарында жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) та бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мендес үш үміткерді атады

Submission Radio подкастында Мендестен Махачевтің келесі қарсыласы ретінде кімді көргісі келетінін сұрады. Маман үш файтердің есімін атады. Олар - эквадорлық Майкл Моралес (19-0), бразилиялық Карлос Пратес (24-7) және қазақстандық Шавкат Рахмонов.

Бұл ретте бапкер Пратеске басымдық берді. Мендес Махачевтің командасы бразилиялықпен жекпе-жек өткізуді көбірек қалайды.

Маманның сөзінше, егер Махачев аталған үш үміткердің барлығын рет-ретімен жеңсе, бұл оның әлемдегі ең үздік файтерлердің бірі ретіндегі мәртебесіне қатысты дауды түбегейлі жояды некен.

Махачев титулын қорғады

Еске салайық, 16 тамызда UFC 330 турнирінде Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ресейлік файтер ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) төрешілер шешімімен жеңді.

Осыдан кейін чемпионның командасы келесі жекпе-жекке қарсылас қарастыра бастады.

Рахмоновтың оралуы күтілуде

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол кезде қазақстандық спортшы да Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Жекпе-жекте Рахмоновтың тізесінен жарақат алып, ұзақ уақыт октагоннан тыс қалды. 31 жастағы қазақстандық файтер октагонға 2027 жылдың басында оралады деп жоспарлануда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport