Бапкер қандай жағдайда Нурмагомедов Фергюсонмен кездесетінін айтты

13 тамыз 2020 11:11
Сурет: UFC
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес шәкіртінің қандай жағдайда америкалық Тони Фергюсонға қарсы шығатынын айтты. 

"Мен кездесуді қаламаймын. Себебі, Тонимен кездесу өтеді деген кезде әйтеуір бірнәрсе кері тартып тұрады. Соңғы рет пандемия кедергі болды. Жалпы бұл кездесуді бес рет ұйымдастыруға ниетті болды. Бірақ бес рет те өтпей қалды. Алтыншы рет талпынып көреміз бе? Жоқ. 

Егер Тони жеңіске жетіп, UFC оны Хабибке қарсы қоятын болса, кездесуді ұйымдастыруға болады. Соңғы кездесуіне ол қатты дайындалып қойды. Салмақ та қатты қуды. Мұны істеудің қажеті жоқ еді. Өйткені, бізді спортта әрбір ұсақ-түйек нәрсенің кедергісі болуы мүмкін", - деді Мендес Брет Окамота деген тілшіге берген сұқбатында. 

Еске салайық, UFC Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы кездесуді бес рет ұйымдастырып көруге ниетті болды. Бірақ бұл айқас екі рет Тонидің жарақатына байланысты өтпесе, екі рет Хабибтің жарақатына байланысты болмады. Соңғы рет бұл кездесудің өтпеуіне коронавирус кедергі болды. 

Жалпы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Фергюсон болса 25 кездесуде жеңіске жетіп, 4 кездесуде жеңілген. 



.
Метки: