Жалғас Жұмағұловтың (14-8) жаттықтырушысы Айбек Шоқпытов Жаконың соңғы айқасына қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Sports.ru.
Жұмағұлов Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 215 турнирінде америкалық Чарльз Джонсонға (12-3) ұпай санымен жеңілген еді.
"Жалғас UFC промоушенінде осыған дейін де бірнеше рет түсініксіз жағдайлармен, күмәнді шешіммен жеңіліс тапты. Біз төрешінің шешіміне таң қалдық. Статистиканы көріп, өзіміз ұпай санап отырдық. Төрешілер тек үшінші раунд нәтижесін ескерген секілді. Жалғастың карьерасын аяқтауына қатысты келетін болсам, оның жасы 34-ке келді. Отбасы бар. Жалғаспен бұл туралы сөйлестік. Оған тоқтау керегі жайлы осы жеңілісіне дейін де талқылағанбыз. UFC оған мүмкіндік берді. Бағын сынады", - дейді Шоқпытов.