Бапкер жасын тыя алмады. Аралас жекпе-жек шебері күтпеген жерден көз жұмды

20 желтоқсан 2021 14:43
©kp.ru

Bellator және PFL промоушендерінің бұрынғы файтері америкалық Джордан Янг 27 жасында қайтыс болды. Спортшының неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды championat.com порталы MMAJunkie сайтына сілтеме жасап.

Янгтың соңғы қарсыласы ресейлік Омар Ахмедов болған, 28 қазанда өткен PFL турнирінде америкалық оны нокаутпен жеңген.

"Шешінетін жерден ақырын шығып, қараңғы бөлме тауып, жылап алдым. Бұған сене алмадым, дауысы құлағымда тұрғандай болды. Жұмысымды жалғастыру үшін өзіме келгенше біраз уақыт өтті", - деп береді бапкер Дерик Сантостың сөзін MMAJunkie

Джордан Янг карьерасында 12 жеңіске жеткен, бір рет нокаутпен. Сонымен қоса, ол екі рет жеңілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport