"Бала күннен...". Рахмонов Еуропаға таңсық қазақ тағамы жайлы

24 маусым 2022 08:50
©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында жылқы етін сүйетінін және әр апта жейтінін айтып берді, деп хабарлайды "Ночь в клетке" телеграм арнасы.

Шавкат келесі айқасын "Гаитилік сенсация" лақап атты Нил Мэгниге қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 26 маусым UFC Vegas 57 турниріне жоспарланған. 

- Жылқы еті - қазақ дастарханының ажырамас бөлігі. Сен өзің оны жақсы көресің бе?

- Иә, әрине. Үнемі жеймін, аптасына бір-екі рет, әрқалай. Асылған күйінде, стейк. Жылқынікін ғана емес, жалпы ет жақсы көремін. Қой, сиыр, тауық еті, балық. Негізі сиыр етін көбірек жеймін, өйткені жылқынікін күнде жей алмайсың. Күнде жейтіндер бар болар, бірақ, мен күнде жей алмаймын. Ал негізі еттің ең жақсысы сол, зиянды майлар мен холестерин жоқ. Майларының бәрі пайдалы. Деликатес қой (күледі). 

- Нейт Диас - вегетариан. Ал сен ет жемей өмір сүргеніңді елестете аласың ба?

- Жоқ, елсетете де алмаймын, шын (күледі). Ондай ой миыма да қонбайды. Бала күнімнен, туғаннан ет жақсы көремін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport