"Вестник MMA" телеграм арнасы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласына күмәнмен қарап отыр. 16 қыркүйек қазақстандық файтер америкалық Келвин Гастелуммен айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Мексиканың тәуелсіздік күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтетін UFC турнирінің басты оқиғасы болады.
"Шавкат Рахмонов (UFC рейтингінде алтыншы, 17-0 ) келесі жекпе-жегін UFC ардагері Келвин Гастелуммен ( UFC рейтингінде 12-орында, 17-8-0-1) 16 қыркүйек Лас-Вегаста жұдырықтасады.
Гастелум салмақ лимитін орындай ала ма екен? Өйткені кейінгі кезде ол орта салмақта жұдырықтасып жүрді, ал жартылай орта дивизионда жүргенде үш рет салмақ түсіре алмаған болатын", - деп жазады мәлімет көзі.