Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Азат Мақсұм UFC-гі екінші жекпе-жегі үшін қомақты сыйақы алады. Бұл жайында The Sports Grail жазды.
28 жастағы отандасымыз жекпе-жегі үшін 16 мың доллар еншілейді. Оның 12 мыңы гонорары болса, 4 мыңы демеушілік сыйақы. Ал Чарльз Джонсон екеуі арасындағы кездесу турнирдің үздік жекпе-жегі мәртебесін иеленді. Бұл үшін спортшыларға 50 мың АҚШ доллары көлемінде сый беріледі. Барлығын қоса алғанда Азат екінші жекпе-жегінде 66 мың доллар табыс көрді.
Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Чарльз Джонсон қазақстандық Жалғас Жұмағұловты да жеңіп кеткен еді.
Азат Мақсұм болса UFC-гі алғашқы жекпе-жегінде америкалық Тайсон Нэмнен басым болған еді.