Әйгілі Майк Тайсон ММА-дегі ең мықты спортшыны атады
©sport24.ua
Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон аралас жекпе-жектің ең мықты шеберін атады, деп жазады "Чемпионат".
Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон аралас жекпе-жектің ең мықты шеберін атады, деп жазады "Чемпионат".
"Маған көбі ұнайды... Джон Джонс, Хабиб, аты шығып келе жатқан көптеген жігіттер бар... Бірақ мен қанша қиындық көрсе де чемпион болып қала алған Джон Джонсты таңдаймын", - дейді Тайсон.
Еске салайық, 36 жастағы Джонс ММА-ге 2008 жылы сәуірде келіп, тамыз айында UFC-де жұдырықтаса бастады. 2011 жылы наурызда ол жартылай орта салмақта чемпион атанып, титулын сегіз рет сәтті қорғады.
2018 жылы Джон жартылай ауыр салмақта екінші рет чемпион атанды, ал 2023 жылы ауыр дивизион титулын жеңіп алды.
Жарнама