Жартылай орта салмақта UFC ұйымның экс чемпионы Камару Усман келесі жекпе-жегін Шавкат Рахмоновпен өткізу мүмкін екенін жоққа шығармады.
UFC комментаторы Джон Анник Anik&Florian подкастында Усман үшін Шавкат, Иан Гэрри, Джек Делла Маддалена және Белал Мухаммадты қосқан қарсыластар тізімін жасады. Усман бәрімен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.
Рахмонов октагонға күзде оралады деп жоспарлануда. Ал менеджер Саят Әбдірахманов қазақстандық файтердің жекпе-жегі кіммен өтетінін 27 шілдеде Леон Эдвардс пен Белал Мухаммад айқасынна кейін белгілі болатынын айтқан еді.