Әйгілі Илон Маск facebook басшысы Цукербергпен айқасқа шықпақ

22 маусым 2023 11:25
©Market Realist

Америкалық миллиардер және Twitter желісінің иесі Илон Маск өзге медиамагнат және Meta басшысы Марк Цукербергпен жекпе-жекке шығуға дайын, деп хабаралйды Vesti.kz.

Бұл сөз Meta компаниясы Twitter-ге бәсекелес болатын әлеуметтік желі жасап жатыр дегеннен кейін шығып отыр екен. 

"Егер бұл шын болса, мен жекпе-жекке шығуға дайынмын", - деп жазыпты Маск әлеуметтік желіде.

"Қай жерде екенін айт", - деп жауап беріпті Цукерберг.

Маск бала күнінде карате, таэквондо және дзюдомен шұғылданыпты. Цукерберг болса әлі күнге дейін джиу-джитсуға барып жүргенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: