Америкалық миллиардер және Twitter желісінің иесі Илон Маск өзге медиамагнат және Meta басшысы Марк Цукербергпен жекпе-жекке шығуға дайын, деп хабаралйды Vesti.kz.
Бұл сөз Meta компаниясы Twitter-ге бәсекелес болатын әлеуметтік желі жасап жатыр дегеннен кейін шығып отыр екен.
"Егер бұл шын болса, мен жекпе-жекке шығуға дайынмын", - деп жазыпты Маск әлеуметтік желіде.
"Қай жерде екенін айт", - деп жауап беріпті Цукерберг.
Маск бала күнінде карате, таэквондо және дзюдомен шұғылданыпты. Цукерберг болса әлі күнге дейін джиу-джитсуға барып жүргенін айта кетейік.