Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде Шавкат UFC ұйымының уақытша чемпионы болған америкалық Тони Фергюсонмен (25-9) де шығуға дайын екенін айтты.
"Келесі қарсылас кім болатынын білмеймін, жігіттер. Тони Фергюсон болса да шығамын. Әйтпесе көптен бері жұдырықтаспадым", - деді Рахмонов.
Мұның алдында Тони Фергюсон Рахмоновпен қатар тұрған суретін жариялап жекпе-жекке шығатынын хабарлаған болатын.
"Сонымен... Осы аптада жекпе-жекке шығамын! Салмақ лимитін орындаймын деген үміттемін", - деп жазған еді Фергюсон Instagram желісіндегі стористе.