Әйгілі Емельяненко соңғы айқасы үшін қанша алғаны айтылды

©Lucas Noonan / BELLATOR MMA

АҚШ-тың Инглвуд қаласында өткен Bellator 290 турнирінде америкалық Райан Бейдер мен "Соңғы имперотор" лақап атымен танымал ресейлік Федор Емельяненко арасындағы қарымта жекпе-жек болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек бірінші раундта аяқталды: Карьерасы бітті. Оңбай таяқ жеп жатқан "Соңғы императорды" төреші құтқарып қалды

MMA Fighting мәліметінше, чемпиондығын қорғап қалған Бейдер бұл жекпе-жектен 150 мың доллар табыс көрді, ал Емельяненко 100 мың. 

Бұл кездесуден кейін Федор карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. 46 жастағы спортшы ММА-де 40 рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: