Әйгілі Емельяненко 13 секундта нокаутқа түскен айқасқа дейін өліп кете жаздаған

28 қыркүйек 2022 10:22
© РИА Новости

Өткен сенбі Мәскеуде Hardcore Boxing турнирі өтіп, онда Александр Емельяненко 13 секундта Вячеслав Дациктен нокаутқа түскен еді. Емельяненконың бұл айқасқа шығуының өзі ғажайып болған екен, деп хабарлайды Sports.ru

Басылым мәліметінше, жазда бұл жекпе-жек өтуі мүмкін еместей көрінген, өйткені Емельяненко ішкіліктен ес жимаған көрінеді. Ол кезде спорт сарапшылары Александр жұдырықтаспақ түгілі, қалыпты өмір сүретініне күмәнданған. 

Осылайша, спортшы емделу үшін Екатеринбургке барады. Емельяненконың менеджері Никита Бурчак оның арнайы клиникада жатқанын ғана айтты. Басқа мән-жайды бүгіп қалды. 

Жындыханадан қашқан спортшы әйгілі Емеляненконы талдырып тастады

Ал жекпе-жектен кейін шешінетін орынға Александрмен бірге жедел жәрдем қызметкерлері және секунданты Иван Штырков, сонымен қоса, тағы бір ер адам еріп барған. 

Ол адам №1 Облыстық наркологиялық аурухананың бас дәрігері Антон Поддубный екені анықталды. Бұл ақпаратты федералды URA.RU басылымы растапты.

URA.RU мәліметінше, Поддубный спортшыны өлімнен алып қалған: "Егер Поддубный Емельяненконы емдей бастамаса, Александр жекпе-жекке дейін өліп кетуі немесе инвалид болып қалуы ықтимал еді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: