Единоборства
11 қыркүйек 2020 09:47

"Аяғын сындыру керек". UFC чемпионы Хабиб - Гэтжи айқасының жеңімпазын атады

Сурет: Sports.ru
UFC ұйымының екі салмақта бұрынғы чемпионы Генри Сехудо жеңіл салмақ белебуіне ие Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек алдында Джастин Гэтжиге кеңес берді. 

"Бұлар дивизиондағы ең мықты жігіттер. Кім қарсыласын ыңғайсыздықта жұдырықтасуға мәжбүр етсе, сол жеңеді. Бұл екі жақты қасарысқан айқас болмайды, өйткені олар мүлде бөлек файтерлер. 

Гэтжи үшін қауіпті жағдай тудырып, аяғын лоукикпен сындырып, тейкдауннан қорғану жеңіс кілті болады. Хабиб - ойыншы, ол жекпе-жекте ішкі түйсігімен жүргізеді. Гэтжидің мықты бір лоукигі жекпе-жек барысын күрт өзгертуі мүмкін", - деп береді Сехудоның сөзін "Чемпионат" порталы Хелен Йидің YouTube арнасындағы сұхбатқа сілтеме жасап.  

Нурмагомедов - Гэтжи кездесуі 24 қазан Абу-Дабиде өтеді.